RU

Жалғыз басты әйел ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді (фото)

АҚШ мектептерінде оқушылар мен олардың әкелеріне арналған «оқушылар мен әкелерінің кездесуі» атты арнайы шара өткізіледі деп хабарлайды 24.kz.

Техас штатында тұратын Ивет Васкез атты әйел бұл туралы бастапқыда білмеген сыңайлы. Бірінші қыркүйекте ұлы Элайджа оқитын мектепке көлікпен келген ол, мектеп ауласынан тек ер адамдарды көрді. Артынша жағдайды сұрастырып білген Иветтің ойына тосын идея келді. Ол сол сәтте үйіне дереу оралып, ер адамдарша киініп, мұрт жабыстырып, қайтып келді.

Артынша Васкез жаңа имиджінде суретке түсіп, оны ғаламторда таратқан. Сол-ақ екен оны желідегі жалғыз басты әйелдер қауымы қолдап, баланы жалғыз тәрбиелеудің қаншалықты қиын екендігімен бөліскен, деп хабарлайды BuzzFeed.

Ал Васкездің өзі болса, мектепте «оқушылар мен әкелердің кездесуінен» бөлек «толық емес отбасыларға» арналған шаралардың өткізілуі керек екендігін басып айтты.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248918-zhalghyz-basty-ayel-ulyna-akesin-zhoqtat.html