RU

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы жайлы не білеміз?

Бақытжан Сағынтаев премьер - министр болғалы бері оның жеке өміріне деген қызығушылық арта түсті деп жазады Қамшы порталы.

Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы 29 жастағы Меруерт Ибрагим - Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагимнің жұбайы. Бірақ, іскер адамның жары болып қана қою ол үшін аздық етеді. Меруерт Buro24/7.kz. қазақстандық сәндік порталының негізін қалаушысы.

Мектепті бітірісімен Меруерт Лондонға халықаралық бизнесті меңгеруге кетеді, сонда Сағынтаевтің кіші қызы – Надира Арапова да оқыған. Меруерттің күйеуі - Бахыт Ибрагим - жұбайына қарағанда ел назарына көп ілікпейтін адам. Ол - «Әулие-Ата» университетінің Шымкенттегі филиалының түлегі. Оның премьер – министрдің қызымен тойы 2008 жылы өткен, бұл - Бахыттың екінші некесі. 1 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалған той Rixos пен Radisson қонақүйлерінде өткен.

Меруерт Ибрагим Buro24/7 сәндік порталының франшизасын құрбысы Мирослава Думадан сатып алады. Fashion-сфера Сағынтаевтың қызы үшін тек хобби ғана емес. Премьердің қызы Vogue-ға берген бір сұхбатында: «Мен Алматының қандай сұлу екенін, ең талантты дизайнерлер мен сәнқой адамдар өмір сүретінін бүкіл әлемге көрсеткім келеді», - деген еді.

Айта кетейік, Меруерт Қазақстанда Fashion индустриясын дамыту үшін Лондоннан қайтіп келген.

Меруерт сәнге деген қызығушылығының артуы анасының арқасында екенін айтады. Оның анасы қызын кез келген шараға үнемі әдемі киіндіріпуге тырысатын болған. Меруерт түрлі, тіпті мүлдем үйлеспейтін стильдерді араластырып киінгенді жақсы көреді екен. Бір қарағаннан көзге түсетін түстер өте ерекше көрінеді.

"Біздің қыздар өздері білместен үлкен әйелдерше киінеді. Мен мұны ешқашан түсінген емеспін. Жас кезіңде, түрліше киініп көруге де болады емес пе?", - деп пікірін білдірді ол Elle басылымына берген сұхбатында7

Vogue баспасы Меруертті «икона стиля» деп атап, әрдайым street-style рубрикасында суреттерін жариялап тұрады.

 

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248998-premer-ministr-baqytzhan-saghyntaevt.html