Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз қолымен қой сойған Динара Сәтжан жұртты таң қалдырды (видео)

Опубликовано:

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қойды құрбандыққа шалып, желі қолданушыларын таң-тамаша қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Өмірімде алғаш рет өз қолыммен қой сойдым. Нақтырақ айтсам, құрбандық шалу рәсіміне қатыстым. Түрлі сезімді бастан кешеді екенсің. Малдарды аяйсың, бірақ бұл қасиетті әрі ежелден келе жатқан дәстүр екенін түсінесің. Құрбан-айт - мейірім мейрамы. Ол бізді  мейірімге, қайғыға ортақтаса білуге, көмек қолын созуға үйретеді", - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Сондай-ақ, ол көмекке мұқтаж жандарды тауып берген адамдарға алғысын білдірді.

Желі қолданушылары танымал тележүргізушінің құрбандық шалу рәсіміндегі белсенділігіне түрліше баға берді. Олар әйел адамның қой сойғанына қатысты өзара дауласып та алды. Кей қолданушылар әйел адам қой союға мүлдем қатыспау керектігін айтса, кей қолданушылар діннен дәлелдер келтіріп, құрбандықты әйел адамның шалуына болатынын жеткізді.

Естеріңізге салсақ, бүгін мұсылмандардың қасиетті мерекесі - Құрбан-айттың екінші күні. Ислам дінінің шарттарына сәйкес, құрбандыққа мал сойылып, оның еті мұқтаж адамдарға таратылып беріледі.

Тағы оқыңыздар:

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу ұсынылды

Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі «Шымкентсыра» зауыты АТФ банктің меншігіне өтіп кетті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1249013-oz-qolymen-qoy-soyghan-dinara-satzhan-zhu/

pixel