RU

Үндістанда екі мұсылман қызды "сиыр етін жегені" үшін зорлап тастады

Үндістанда төрт адам жас әйел мен оның 14 жастағы сіңілісін сиыр етін жеген деген айыппен зорлаған, деп Zakon.kz -ке сілтеме жасап Qamshy.kz порталы.

Қылмыс Харьяна штатында орын алды, ондағы тұрғындардың көпшілігі мұсылмандар. Оқиға екі апта бұрын болғанмен, ол жайлы қазір ғана белгілі болған.

«Олар болған оқиғаны айтсам мені және менің отбасымды өлтіреміз деп қоқан-лоқы көрсетті», - дейді шағымданған зардап шегуші.

20-жастағы әйелдің сөзінше шабуылшылар оның ағасы мен тәтесін өлімші етіп сабап тастаған. Күдіктілерді ұстап, оларға кісі өлтірді және адам зорлады деген айып тағылды. Зәбір көрген әйелдер мұсылман бола тұра, сиыр етін жемегендерін айтуда.

BBC News атап өткендей, қылмыс орын алғанға дейін, жергілікті билік қой еті деген тамақта сиыр еті бар-жоғын полиция тексереді деп мәлімдеген. Бұл етті ауыстырды деген оқиғамен байланысты болған қылмыс.

Үнділер үшін сиыр ең қасиетті жануар, оны өлтіруге және етін тамақта қолдануға болмайды. Сиыр союға Үндістанның Батыс Бенгалиясынан басқа елдің бәріне тыйым салынған.

Үндістанда қыздарға зорлық-зомбылық көрсету ең актуалды проблеманың бірі. 2013 жылы ел билігі мұндай қылмысқа қатысты жазаны күшейткен болатын. Бұл проблеманың жергілікті жерде ғана емес, Үндістанда да кеңінен көтерілуіне 23- жастағы студент қыз себепші болған, оны 2012 жылдың желтоқсан айында Дели автобусында алты еркек зорлаған. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші қаза тапты. Айыпты деп танылған алты қылмыскердің біреуі түрмеде өзіне қол жұмсаса, төртеуін өлім жазасына кесті, ал тағы біреуі кәмелет жасқа толмағаны үшін – үш жыл түрме жазасына кесілді.

Ауыр үкімге қарамастан Үндістанда қыз зорлау қылмысы азайып жатқан жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249036-undistanda-eki-musylmandy-siyr-etin-zh.html