RU

Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Алматыда 24 жастағы Азамат Қабденов 7 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы рет, онымен 6 қыркүйек күні сөйлестім. Менен қарызға ақша сұрады. Оған ақшаны беретінімді айттым да, Семейге қайтуын сұрадым. 9 қыркүйекте телефонды қайта соқтым. Бірақ, бұл жолы оның барлық телефоны өшірулі болды. Ол 12 қыркүйектегі анамыздың туған күніне де телефон шалмады», - дейді жоғалған жігіттің әпкесі Жанар.

Жанардың айтуынша, ертең 14 қыркүйек күні ол анасымен Алматыға келіп, Азаматтың жоғалғаны туралы полицияға хабарламақ.

«Мен Азаматтың досымен хабарластым. Олар 5 қыркүйек күні соңғы рет кездескен. Оның айтуынша, Азамат біреулерге қарызданып қалған. Біз оның Алматыда не кәсіппен шұғылданғанын білмейміз, бірақ оны қанша шақырғанымызбен Семейге қайтқысы келмеді», - деді Жанар.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249063-almatyda-24-zhastaghy-semeylik-zhigit-ushty.html