Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қымбат шәйнек 3 млн долларға бағаланды (фото)

Опубликовано:

Лондонда әлемдегі ең қымбат шәйнек сатылымға шығарылды. Luxurylaunches порталының хабарлауынша, бағалы ыдыстың бастапқы құны 3 миллион долларды құрайды деп хабарлайды Sn.kz.

Egoist деп аталатын алтын шәйнекті италиялық Scavia фирмасы асыл тастардан жасаған. Ол үшін 1,6 мыңнан астам бриллиант пен 388 рубин тасы жұмсалыпты. Шәйнектің дәл ортасында салмағы 6 карат болатын рубин орналасқан. Оның қақпағы да ірі асыл таспен көмкерілген.

Аса бағалы ыдыс Chitra деп аталатын коллекцияның бір бөлшегі ғана. Коллекцияның құрамы осы тектес бағалы 1700 асүй жабдықтарынан тұрады. Олардың қатарында Уинстон Черчильдің қызына тиесілі күміс шай сервизі мен Қытайдың Сун династиясынан 1816 жылы Людовик XVIII патша сатып алған ыдыс-аяқтар бар.

Бұған дейінгі ең қымбат шәйнектің құны 2 миллион долларды құрайтын. Ол 2007 жылы Sotheby's аукционында сатылған. Бағалы ыдыс Бірінші Елизавета ханшайымға тиесілі болыпты. Кейін ханшайым оны 1603 жылы өзінің ізбасары Генри Парриге сыйлаған.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1249071-alemdegi-enh-qymbat-shaynek-3-mln-dollargh/

pixel