RU

Тарканның әйелі тойдан кейін алғаш рет сұхбат берді

Танымал түрік әншісі Тарканның әйелі Пынар Дилек ағымдағы жылдың мамыр айында өткен тойдан кейін алғаш рет сұхбат берді деп жазады 24.kz.

Өз мәлімдемесінде ол мұрынға жасалған отасы мен үйдегі Таркан жайлы сөз етті. Бұл туралы Ntv.com хабарлады.

«Біздің үйленуіміз тосын жағдай емес еді. Біз бес жылдай уақыт біргеміз. Осы қарым-қатынасымыздың арқасында үй болып отырмыз», - деді Пынар.

«Таркан жанкүйеріне үйленді» деген сияқты жаңалықтар жайлы өз ойын айтқан Пынар Дилек: «Бәрі бұл хабарларда жазылғандай емес. Біз үлкен махаббаттың нәтижесінде шаңырақ көтердік, көп жылғы қарым-қатынасымыздан соң үйлендік. Өткендердің бәрін сіздерге айта алмаймын, бұл жеке бас мәселесі. Қазір жұбайымның концертінде отырып, алғашқы кездегідей қобалжып отырмын. Камера алдында сөйлеуге үйреніп қалған адамдардың қатарынан емеспін», - деп ағынан жарылды.

Тілшілердің «үйдегі Таркан қандай?» деген сұрағына жауап берді.

«Таркан сыртта өзін қалай ұстаса, үйде де сондай. Бойында ешбір жасандылық қасиеті жоқ, сондай қарапайым, барлық жағдайға түсіністікпен қарайтын жандардың қатарынан», - деді.

Айта кетейік, тамыз айында түрік басылымдарында Пынар Дилектің мұрнына ота жасатқандығы туралы сыбыстар желдей ескен еді. Тілшілердің бұл сұрағын да жауапсыз қалдырмаған әншінің жұбайы пластикалық хирургтардың көмегіне жүгінгегін мойындады.

«Тыныс ала алмай жүргенмін, сосын ота жасаттым. Біраз мұрнымның ұшын дұрыстатқыздым. Бар болғаны сол», - деп өзіне ота жасаған дәрігерге жұбайының концертінде алғыс айтып, көзіне жас алды.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249156-tarkannynh-ayeli-toydan-keyin-alghash-re.html