RU

Ислам Каримовтің қызы жаңа мешітке әкесінің атын қойды (видео)

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің кенже қызы Лола Каримова-Тилляева өзінің жолдасымен бірге Ташкентте былтыр көктемде өртенген мешітті қайта тұрғызды. Лола бұл мешітті өз әкесінің құрметіне «Ислам ата» деп атаймын деп шешіпті. Бұл туралы ол 13 қыркүйек күні әлеуметтік желіде бөлісті деп жазады bnews.kz.

Видео: Umida Maniyazova

«Дүниежүзінің мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатқанда жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Ташкентте «Ислам ата» мешіті ашылады. Бұл мешіт Ферғана Жолы көшесінде орналасқан. 2015 жылдың көктемінде мешіт толық өртеніп кеткен еді. Жолдасым Тимур Тилляев екеумізге сауапты іс жасап, мешіт ғимаратын қайта тұрғызуға мүмкіндік берген Аллаға шүкірлік етемін», - делінген Лоланың хабарламасында.

Мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың аяғында басталып, тоғыз айға созылды деп жазады ca-news.org.

«Көпшіліктің ұсынуымен мешітті Өзбекстанның алғашқы президенті – менің әкем Ислам Кәрімовтің құрметіне «Ислам ата» деп атау туралы шешім қабылданды», - деп қосты Лола.

Ескі мешітпен салыстырғанда, жаңа мешіт көлемі 1,8 есе ұлғайды – 2900 шаршы метрден 5400 шаршы метр болды. Енді мешітке 560 адам сыяды. Мешіт мұнарасы мен қабырғасында қасиетті Құран сөздері жазылған.

Мешітте кітапхана мен дәрет алу бөлмелері де бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жабдықтар, ауа тазалағыш жүйе мен салқындатқыш та орнатылған.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249207-islam-karimovtinh-qyzy-zhanha-meshitke-ak.html