RU

Ақтөбедегі теракт кезінде кезекші болған офицер басшылықты кінәлауда

Ақтөбеде террористер шабуылдаған №6655 әскери бөлімінің офицері Қайнарбек Тастамбековке "Қызмет атқару ережесін бұзу туралы" бабы бойынша айып тағылып отыр деп жазады kerek-info.kz.

Қайнарбек Тастамбековтің айтуынша, 5 маусым күні ол жұмысқа шықпауы тиіс еді. Оның пікірінше, басшылық ережені бұзып, оны демалыс күні қызметке шақыртып алған.

"7 маусым күні жаңа сарбаздар келуі керек еді. 2008 жылғы №341 бұйрыққа сәйкес, сарбаздардың келуіне байланысты мен дайындық жұмыстарын жүргізуім тиіс. Соған орай мен олар келмей тұрып, он күн бұрын жұмыстан босатылуым керек едім. Бірақ адам аздығын сылтау еткен басшылық мені жұмысқа шығарды", - дейді запастағы майор.

Сағат екі жарым шамасында террористер бөлімшеге баса көпктеп кіргенде, әскерлер дайын болмаған. Оның үстіне, сол күні қызметте не бөлім командирі, не бөлім штабы бастығы болмапты.

"Біріншіден, сарбаздардың қолында автомат жоқ. Кейбір сарбаздар сасқалақтап, қаруды оқтай алмаған. Мен өз тапаншамнан оқ аттым, бірақ қарсыластардың саны бізден асып тұрды. Қасымдағы екі сарбазды құтқару үшін артқа қарай шегінуге мәжбүр болдым", - дейді Қайнарбек Тастамбеков.

Оның айтуынша, әскери бөлімнің жабдығы нашар болғаны соншалық, қақпаны аяқпен тепкеннің өзінде құлап қалатындай болған.

"Әскери бөлімнің жабдықталуына мен емес, басшылық жауап беру керек. Олардың шені ғана түсіп, басқа қалаға ауысып кетті. Жұмыс орны ауысқаны үшін олар қосымша 500 мың теңге алады. Ал мен болсам, қылмыстық бап бойынша айыпталып жатырмын. Не себептен террористер артиллериялық гвардияға емес, біздің бөлімшеге келді? Өйткені олар артиллериялық гвардияны тесіп өте алмайтынын түсінді. Ал ұлттық гвардия бөлімшесі бір кіріп, бір шығатын өтпелі жерге айналып кетті", - дейді 6655 әскери бөлімінің бұрынғы офицері.

Қазір офицердің үстінен тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249274-aqtobedegi-terakt-kezinde-kezekshi-bo.html