RU

Мырзахметов вице-премьер және Ауылшаруашылық министрі қызметтеріне қайта тағайындалды

Асқар Мырзахметов Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары және Ауылшаруашылық министрі қызметтеріне қайта тағайындалды деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Фото: ortcom.kz"Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстанның премьер-министрі, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген хабарламада.Жарлыққа 2016 жылғы 13 қыркүйекте қол қойылған.Асқар Мырзахметов 1962 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Ол Алматы мал дәрігерлік институтын, Жалпыодақтық мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының мақсатты аспирантурасын бітірген. Мамандығы - зооинженер, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.Жалпыодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының Шығыс бөлімінде ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.1991—1995 жылдары — "Қазақстан" республикалық құрылыс биржасы" акционерлік қоғамының вице-президенті (президенті - Сауат Мыңбаев), Орта Азия және Қазақстан биржалары қауымдастығының басқарма төрағасы болған.1999 жылдан - Ауылшаруашылық вице-министрі.2002 жылдан - Ауылшаруашылық бірінші вице-министрі - Ауылшаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.2005 жылдан - Ауылшаруашылық министрі.2006 жылдан - Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі.2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.2009 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болған.Тағы оқыңыздар:Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырадыБұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249284-myrzakhmetov-vice-premer-zhane-auylsha.html