RU

Қазақстанда Мемқызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықтың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

"Қазақстан Конституциясының 44-бабы  3), 5) тармақшаларына, «Қазақстанның президентi туралы» Қазақстан Конституциялық Заңының 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстанның президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстанның үкіметі Қазақстан президентінің әкімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді".

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249407-qazaqstanda-memqyzmet-isteri-zhane-zhe.html