RU

Италиялықпен қосылып ән шырқаған Әдеміге Киркоров ең жоғарғы баға берді

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстанның намысын қорғаған ақтаулық Әдемі (шын есімі - Динара Қайырова) Италия әншісі Вальтер Риччимен бірігіп ән салып, бұл дуэтке Киркоров ең жоғарғы ұпай берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әдемі мен Вальтер Риччи ресейлік әнші Кристина Орбакайтенің "Свет в твоем окне" (Messages of love) әнінің ағылшынша нұсқасын орындады. Қос әншінің айтқан әнін Леонид Агутин, Филипп Киркоров, Валерий және Константин Меладзе, Валерия секілді әншілер бағалады. Әділқазылар арасында отырған Филип Киркоров дуэтке ең жоғарғы ұпайды берді.

"Міне, бәрі де өз мәресіне жетті! Мен италиялық әншінің жеңісіне сәл де болса өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Ол 1-ші орын алды. Италия, сенім артқаның үшін көп рахмет!", – деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Айта кетерлігі, қазақстандық әншінің өнеріне "Жаңа толқын" байқауын ұйымдастырушы, ресей шоу-бизнесінің жарқын өкілі Александр Ревзин де жоғары баға берген көрінеді. Ол Әдеміні "Ұлы" деп атаған.

"Ұлы... Одан осы сөзді естіген соң, одан әрі дамығың келеді, өзіңді өзің жетілдіргің келеді, кемелдене түскің келеді. Сіздерге үлкен рахмет! Сіз өте мықты адамсыз! Бас иемін", - деп жазды әнші.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249447-italiyalyqpen-qosylyp-shyrqaghan-ade.html