Выйти
RU

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Марат Бекетаевты Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Әділет министрі қызметін Берік Имашев атқарып келген. Ол президент жарлығымен Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды.

Марат Бекетаев 1977 жылы дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 200 жылы Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдады.

Бекетаев 2015 жылы президент жарлығымен Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде болды.

"Құрмет" (2011 жыл) орденімен марапатталған.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды