RU

Крис Юбенк: Головкин мені шегініп, сүлгі лақтырады деп күтпесін

Британияның орта салмақтағы бокс чемпионы кіші Юбенк (Eubank Jr) қазақстандық Геннадий Головкинмен шайқас кезінде жеңіліп, ортаға сүлгі лақтырған Бруктың командасын сынға алды деп хабарлайды 24.kz.

«Бокс – дегеніміз бұл шайқастың соңына дейін төтеп беру. Артқа шегініп, сүлгі лақтыру деген жоқ. Шайқасты тек рефери ғана тоқтатады. Кезінде менің әкем мұнан да қиын шайқастардың ақырына дейін төзіп, қарсыласына берілмеген», - деді Юбенк Talksport басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол бұл туралы твиттердегі парақшасына да жазып, әлемге жар салды. Естеріңізге сала кетсек, 11 қыркүйектің таңындағы шайқас кезінде Головкиннен жеңілген Келл Бруктың командасы рингке сүлгі тастап, жекпе-жекті тоқтатты.

Тағы оқыңыздар:

Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249501-kris-yubenk-golovkin-meni-sheginip-sulg.html