RU

«Сырласу» журналы өз еншісін алды

Қазақтілді басылымдар арасындағы қыз-келіншектерге арналған бірегей республикалық «Сырласу» журналы еншісін алып, жеке отау тікті.

2012 жылдан бері ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Сырласу журналы MediaLink компаниясы арқылы жарыққа шығып келген. Енді меншік иелігі өзге қолға өтті. Қуантарлығы, басылым алысқа кеткен жоқ. «Сырласуды» медиа нарығына дайындап қанаттандырған, осыған дейін журналдың баспагері әрі бас редакторлығын атқарып келген Кәмшат Әкімқожақызы басылымды толықтай өз иелігіне алды.

«Сырласу» журналының бас редакторы Кәмшат Әкімқожақызының айтуынша алда атқарар қыруар жұмыс бар.

«Біздің мақсатымыз айқын, жоспарымыз нақты. Енді журналдың бет санын арттыруды көздеп отырмыз. Сонымен қоса, «Сырласуды» республиканың түкпір-түкпірі білуі үшін бар күшімізді салып, таралым санын одан әрі көбейтпекпіз. Ең бастысы, аруларды толғандыратын әлеуметтік тақырыптарды көп қозғайтын боламыз», - дейді Әкімқожақызы.

Журнал 2012 жылдың ақпан айынан бері үздіксіз шығып келеді. Осы уақыт аралығында нәзік жандыларға қатысты талай өзекті мәселені көтерді.

«Сырласу» - заманауи шығыс әйелдерінің энциклопедиясы. Редакция мансап пен отбасылық өмірді теңдей алып, толық бақытты болу үшін әлемді аузына қаратқан сұлулармен сырласты. Осыдан-ақ, қыз-келіншектердің дәстүрді ұмытпай әрі заманға сай болуы үшін еңбектену журналдың ең басты мақсаты екені белгілі.

Журнал 5 жыл бойы халық пен ел аузында жүрген танымал тұлғалар арасында алтын көпір бола білді. Жалпы жұртшылықтың да, қазақ эстрадасы жұлдыздараның да сүйікті, үзбей оқитын басылымына айналды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін біз «Сырласу» журналы өзінің «жаңа» тынысын ашып, өзгеше дизайнда шыға бастағанын хабарлаған болатынбыз.

*Материал PR құқы негізінде әзірленді

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249513-syrlasu-zhurnalynynh-zhanha-tynysy-2.html