RU

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықтың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

"Қазақстан Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстанның үкіметі:

1) Қазақстанның президенті әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;».

4. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Жарлық 2016 жылдың 13 қыркүйегінде жария етілді.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды