RU

Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев "Ермекбаевты Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Нұрлан Ермекбаев - еліміздің мемлекет қайраткері, дипломат.

1986 жылы Краснознаменный Әскери институтын бітіріп, қытай және ағылшын тілдерін білетін офицер мамандығын меңгерді.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылдың 19 қарашасынан бастап  Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінде болған.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249563-nurlan-ermekbaev-din-isteri-zhane-azam.html