RU

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан президентінің жарлығымен Дариға Назарбаева Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Дариға Назарбаева Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

53 жастағы Дариға Назарбаева -  қоғам және мемлекет қайраткері.

Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.

ҚазМУ-ды 1985 жылы бітірген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992 жыл), «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды.

2009 жылдан Тұңғыш президент қорының басшысы. «Парасат» (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген.

Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.

2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметінде болды.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Дариға Назарбаева сенат депутаты болды