RU

Қоқыс төгуге шыққан теміртаулық тұрғын екі айлық сәбиді тауып алды

Теміртау қаласының тұрғыны есік алдынан екі айлық қыз баланы тауып алыпты деп хабарлайды BNews.kz.

Нәрестені тауып алған азаматшаның айтуынша, 12 қыркүйекте күндіз сағат екіде қоқыс төгуге шығыпты. Пәтердің есігін ашып қалса, төсек жаймаға оралған сәби жатыр екен.

«Күндізгі сағат екі шамасы еді. Қоқыс төгуге шықсам, төсек жаймаға оралған сәби жатыр. Оны үйге кіргізіп, полицияға хабарластым. Сондай тәтті қыз, көзі үлкен, түрі еуропалық ұлтқа келеді. Өзімнің үш балам бар. Кішкентайым тоғыз айлық болғандықтан, еміземін. Нәрестені де емізейін десем, омырауымды алмады. Жылы киіндіріп, полицияға келдім. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті», - деп баяндады Теміртау тұрғыны.

Ауруханада баланы тексерді. Шамамен екі айлық қыз бала, бойы 52 сантиметр, салмағы төрт келіден асады. Баланың ешқандай патологиясы жоқ.

«Бала жақсы тамақтанады, тыныш ұйықтайды. Жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады балалар ауруханасының дәрігері.

Әзірге ешкім ауруханаға да, полицияға да бала жоғалды деген өтінішпен хабарласқан жоқ.

«Оқиға Қылмыстық кодекстің «Қауіпті жағдайда қалдыру» 1-бабы 119-тармағына сәйкес Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері баланың анасын іздеп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева үкіметтің жаңа құрамына енбей қалды

Донақов президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1249692-qaraghandy-oblysynda-turghyn-uydinh-kir.html