RU

Баян Есентаеваның құрбысы ол туралы жаңалықты жария еткеніне қынжылып отыр

Telegram logo VKontakte logo

Белгілі тележүргізуші Мәдина Балғабаева құрбысы Баян туралы жаңалықты шығарғаны үшін қиналып жүргенін айтты. Бұл туралы тележүргізушінің желідегі парақшасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жуырда отандық продюсер Баян Есентаева соққыдан кейінгі алғашқы сұхбатын беріп, көрермендерге болған оқиғаны өз аузымен баяндап берген еді. Оның бұл сұхбатын отандық БАҚ жаппай жариялап, продюсер болса сұхбатты еркінен тыс бергенін айтқан болатын.

Сұхбаттан кейін продюсердің сіңлісі Бағым желідегі парақшасына жазба қалдырып, онда Баянға маза бермеген БАҚ өкілдерін сынға алған еді. Жазбамен қоса, ол КТК арнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, Баянның құрбысы ретінде белгілі Мәдина Балғабаеваның суретін қоса салған еді.

Бұдан кейін Мәдинаның желідегі парақшасына оқырмандар түрлі пікірлер қалдырған. Олар Мәдинаның жақын құрбысы туралы жаңалықты шығарғанына таң қалған болатын.

"КТК арнасының сіздің жан досыңызға қатысты хабары... және оны дәл сіз оқығаныңыз киын болды. Жұмыс бәрінен де маңызды...", "Мәдина ханым, халық білгісі келеді. Жауабыңыз бар ма? Жақын құрбылар едіңіз Баянмен. Неге? Сізді хабарла деп мәжбүрледі ме?", - деп сұрақтарын жаудырды желі қолданушылары.

Көп күттірмей оқырмандарының бұл сұрақтарына Мәдинаның өзі де жауап берді.

"Кешеден бері комменттеріңізді оқып жүрмін. Негізі, жауап беретіндей ешқандай ынта жоқ... Бірақ шыдамай кеттім... Кешегі эфир жайында.

Достар, екі оттың ортасында жүрген менің қандай күйде жүргенім бір өзіме аян... Менің жеке арнам жоқ, меншікке әкем қалдырып кеткен КТК-жоқ. Бұл менің нан тауып отырған жұмысым. Менің жүргізушілік міндеттерім бар. Жиырма журналист күні бойы зар илеп жазып шыққан материалдарды мен жарыққа шығаруым керек", - деп жазды ол жұмысының жайын түсіндіріп.

"Кеше құрбым жайлы материал да болды. Осыдан үш ай бұрын бұл жағдай болған күні, елге тарамай тұрып, мен эфирге шығармауға барынша күшімді салдым, ол кезде экранға шықпады. Ал осы жолы менің қауқарым жетпеді... Бүкіл ғаламтор, интернет, телевидение, радио шулап, сұxбатын беріп жатқанда экранға шығармауға менің әлім жетпеді...

Түсінген адам түсінер, түсінбеген өзі білер... Ешқандай сұрақ қоймасаңыз ризамын. Бұл отбасы мен үшін ерекше ыстық...", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, Баян Есентаева мен Мәдина Балғабаева студент кездерінен бастап дос болған.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Баян Есентаеваның құрбысы ол туралы жаңалықты жария еткеніне қынжылып отыр