RU

Семейдің аспалы көпіріне шығып кеткен азаматтың ісі жұртты дүр сілкіндірді

Семейдің аспалы көпірінің биігіне шығып, қауіпті әрекеттер жасаған азаматтың ісі жұртты дүр сілкіндірді. Құс ұшатын биіктікке шыққан ол аяғын көкке көтеріп, қол бұлғап, білгенін істеген.

Азамат, тіпті ұялы телефонымен сөйлесіп, селфи жасап та үлгерген көрінеді. Ертістің екі жағалауын жалғап тұрған бұл көпірдің биіктігі 100 метр. Жүрек жұтқан азамат ішімдік ішіп алыпты. Әйтеуір бөткелмен әрі-бері жүрген ол аман-есен жерге түскен. Бұл уақытта жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жерде күтіп тұрған.

"Оқиға болған жерге келген полиция наряды 1980 жылы туған Алматы обылысының бір ауылында тұратын "Б" деген азаматты анықтап қалалық айықтырғышқа жеткізді", - дейді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250023-semeydinh-aspaly-kopirine-shyghyp-ketke.html