RU

Төсекте жиі суретке түсетін Еркені желі қолданушылары сөгіп тастады (фото)

Танымал әнші Ерке Еcмахан желідегі парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарына жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерке Есмахан әдеттегідей Instagram парақшасына кезекті суретін жүктеді. Онда ол төсекте, раушан гүлдерінің шоғырын ұстап отыр.

Еркеге көбіне жағымды пікірлер қалдыратын оның тыңдармандары бұл жолы оны қолдауға асықпады. Олар Еркенің үнемі төсекте отырып суретке түсетініне наразы болды. Олар төсекте отырып суретке түсуді "ұят" әрі "әдепке жат" деп атады.

"Жататын төсегіңде түсіп, әлемге көрсеткен ұят сияқты..."Қайырымдылық жасап, жетім-жесірге қолдау көрсеткен суреттеріңіз болса халықтың қызы ретінде жақын болар едіңіз. Сіз неге үнемі ақ төсекте гүлмен түскен суреттеріңізді саласыз?", "Бəрі айтып жатса, демек, шынында да, ыңғайсыз екен. Үнемі, кез келген қалаға барса, төсекте жатып, гүл құшақтап отырады. Сол бөлмеде тұрып түссе де жарасатын еді", "Төсекте жатып алып, фотоға түскенді қай атаңнан көрдің? Ұят қайда?", - деп жазды қолданушылар.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Қостанай облысында полицейлер 20 жастағы келіншекті азаптады деп айыпталуда

Атырауда туған бауырлар анасының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды

Ақтөбедегі теракт кезінде кезекші болған офицер басшылықты кінәлауда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250159-tosekte-zhii-suretke-tusetin-erkeni-zhe.html