RU

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртты таң қалдырды (фото, видео)

Жамбыл облысындағы Һибатулла Тарази мешітінің ресми сайты Құран оқылғанда ғана ағатын бұлақтың ғажайыптары туралы жазды.

Аталған бұлақ "Жылаған ата" деп аталады. Ол жайлы халық аузында жүрген аңыздар да баршылық. Жағрафиялық тұрғыдан Келіншектаудан әрі ассаң Жылаған атаның шатқалына жетіп баруға жақын болады. Алайда Қаратаудың теріскейі тым қатерлі әрі қауіпті.

Үңгір сылдырма тастың үстімен, бір аяқ жолмен жүріп өтетін таудың биік беткейінде орналасқан. Ол жерден төмен қарасаң жер құдды теңіздей терең болып көрінеді. Үңгірдің бергі жағы жеңіл көлік өтетіндей кең болса, арғы беті кішкентай бүлдіршін ғана сиятындай көлемде.

Сағат сайын үңгірден ақ көбіктей мөлдір су атқылап тұрады. Бірақ сарқырамадан үнемі су ағып тұратын болса, «Жылаған атадан» су үнемі ақпайды. Басына барып Құран оқыған адамға ағады. Онда да кей адамға аққанымен, кей адамға ақпайды.

Бір қызығы, жергілікті тұрғындар ниеті қисық, таза емес адам жақындаса су тоқтап қалады деседі. Судың дәмін бір татып көрген адам қайта-қайта ішкісі келіп тұрады екен. Бірақ, суды ыдысқа құйып қайнатып ішуге болмайды. Ондай кезде су бірден көзден ғайып болады.

Кезінде геолгтар ұзынқұлақтан осы үңгірдің құдіреті туралы естіп, «жәй ғана теңіздің толқыны болса керек» деп Жылаған атаның басына келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Үңгірден атқылаған судың қайдан пайда болғанын анықтау үшін екі ай уақыт жүреді. Бірақ, осы аралықта бірде-бір рет үңгірден су шықпайды. Сонда басын шайқап таңқалған зерттеушілер «Бұл шынында да Құдіреттің күші!» деген екен.

Видео: Сіз білмейтін Қызықтар

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Қостанай облысында полицейлер 20 жастағы келіншекті азаптады деп айыпталуда

Атырауда туған бауырлар анасының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды

Ақтөбедегі теракт кезінде кезекші болған офицер басшылықты кінәлауда

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1250195-zhambyl-oblysynda-quran-oqylghanda-agha.html