Выйти
RU

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада Баян Есентаеваны соққыға жыққан Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымдары өтті. Жұбайлардың қызы Айсәуле сотта әкесін қорғайтын болады. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтарына" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Агенттікке бұл туралы Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов айтқан.

"28 қыркүйек күні кезекті сот отырысы өтеді", - дейді адвокат.

Жексейітов соттың жабық режимде өтіп жатқанын алға тартып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Сот залында отырған Есентаевтардың қызы Айсәуле Есентаеваның сотта қай тарапты қолдайтыны туралы сұраққа Жексейітов оның әкесін қорғаушы ретінде шығатынын мәлімдеді.

"Ол - сотталушының қорғаушысы. Әкесінің қорғаушысы", — деді адвокат.

Еске салсақ, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар тас жолында болған.

Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Жуырда продюсер соққыға жығылғаннан кейін алғаш рет сұхбат беріп, 10 маусымда болған аты шулы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берген болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды