RU

Терещенкодан Мәсімовке дейін - Қазақстан премьер-министрлері несімен есте қалды

Бес күн бұрын, 9 қыркүйек күні Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл мемлекеттік қызметке Кәрім Мәсімовтың орнына келді. Министрлер кабинетінің бұрынғы құрамының көбі өз қызметтерінде қалды.

Ел тәуелсіздігі тарихында Министрлер кабинетінің тізгіні барлығы 9 министрдің қолынан өтті (Бақытжан Сағынтаевті қосқанда).

Бұл премьер-министрлер көпшілікке қандай істерімен есте қалды, қандай жетістіктерге жетті деген заңды сұрақ туындайды. Олардың басшылық еткен кезеңінде ел қандай қиындықтармен бетпе-бет келді? NUR.KZ порталы мұны анықтауға тырысты.

Кәрім Мәсімов

Қызмет жылдары: 2014 жылғы 2 сәуірден 2016 жылғы 8 қыркүйеккке дейін

Туған жылы мен жері: 1965 жыл 15 маусымҚазақ КСР-і, Целиноград

Әлеуметтік салада маңызды өзгерістер орын алды. Астанада ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылысы жалғасты.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы басталды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарт күшіне енді.

Серік Ахметов

Қызмет жылдары: 2012 жылғы 24 қыркүйектен 2014 жылғы 2 сәуірге дейін

Туған жылы мен жері: 1958 жылдың 25 маусымыҚазақ КСР-і, Қарағанды облысы, Теміртау

2012 жылы "Арқанкерген" шекара бекетінде жаппай қырғын орын алды. 14 шекара қызметкерлері бақилық болды. Дәл сол жылы Алматы облысы Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында 12 адамның мәйіті табылды. 2012 жыл лаңкестік әрекеттер мен күдікті лаңкестердің көзін құрту іс-қимылдарымен есте қалды.

Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан 2017 жылғы Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге, бұл оқиғалармен қатар, "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген жастардың мемлекеттік басқару ісіне көптеп келуімен ерекшеленді. Ішкі істер органдарында реформалар қабылданды. Қашаған кен орнында кен шығару ісі қолға алынды.

Сондай-ақ, Еуразиялық эконмикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды.

Кәрім Мәсімов

Қызмет жылдары: 2007 жылғы 10 қаңтардан 2012 жылғы 24 қыркүйекке дейін

Туған жылы мен жері: 1965 жыл 15 маусымҚазақ КСР-і, Целиноград

2007 жылы ел бойынша казино мен өзге де құмар ойындары мекемелерінің қызметіне тыйым салынды. Олар тек Қапшағай қаласы мен Ақмола облысы Шортанды ауданында да ғана шоғырлансын деген шешім шығарылды.

Дәл осы жылы Алматы мен Астана қалаларында жылжымайтын мүлік құны шарықтай түседі. Қазақстанда алқабилер қатысуымен сот процестері өте бастады. 2007 жылы "Валют-Транзит Банкі" құлдырауға ұшырайды. 2007 жылдың басынан бастап Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан автомобильдерді кіргізуге тыйым салынды.

2009 жылы теңге 30%-ға құнсызданды.

Даниал Ахметов

Қызмет жылдары: 2003 жылғы 13 маусымнан 2007 жылғы  8 қаңтарға дейін

Туған жылы мен жері: 1954 жылдың 15 маусымы, Қазақ КСР-і, Павлодар

Бұл кезең мемлекеттің тұрғындарды ауыл шаруашылығына белсенді түрде тарта бастауымен ерекшеленді. Алайда, бұл бастама анау айтқандай табысқа жете қойған жоқ. 2003 жылы өлім жазасына мораторий енгізілді. ОҚО-да жаңа туған нәрестелер арасында ауруханаішілік  АИТВ-инфекциясының өршуі орын алды. 2006 жылы Қазақстанда "Самұрық" мемлекеттік қоры құрылды.

Иманғали Тасмағамбетов

Қызмет жылдары: 2002 жылғы қаңтардан 2003 жылғы 11 маусымға дейін

Туған жылы мен жері: 1956 жылдың 9 желтоқсаны, Қазақ КСР-і, Атырау облысы, Махамбет ауданы

Бұл кезеңде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыс салдарынан ТМД құлауы мүмкін еді) сақталып қалды. Алматыдағы Шымбұлақта мемлекеттер басшылары мен премьер-министрлерінің қатысуымен көшбасшылардың бейресми саммиті болып өтті.

Дәл осы кезеңде биліктің демократиялық оппозициямен келіссөздері жүргізілді. Себебі, бұл кезеңде дағдарыс белең алған болатын.

Мұнымен қатар, Қазақстан УЕФА құрамына енді, бұл отандық клубтар мен құрама командаларға футболдан еуропа чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қызмет жылдары: 1999 жылғы 12 қазаннан 2002 жылғы 28 қаңтарға дейін

Туған жылы мен жері: 1953 жылдың 17 мамыр, Қазақ КСР-і, Алматы

Тоқаевты бұл қызметке тағайындаудың басты мақсаты әлемдік арендағы дипломатиялық байланыстарды нығайту болған болуы керек. Тәжірибелі дипломат бола тұра, Тоқаев бірқатар елдермен байланыстарды жолға қоюда маңызды рөл атқарды. 2000 жылы "Қашаған" кен орны ашылды. Сондай-ақ, 2001 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) пайдалануға берілді. Ол Қазақстан мұнайын алыс шетелге тасымалдай бастады.

Нұрлан Балғымбаев

Қызмет жылдары: 1997 жылғы қазаннан 1999 жылғы 1 қазанға дейін

Туған жылы мен жері:20 ноября 1947 жылдың 20 қарашасы, Қазақ КСР-і, Гурьев қаласы

Қайтыс болған жылы: 2015 жылғы 14 қазан

Оның премьер-министр қызметі ел басына күн туған кезеңге тұспа-тұс келді. Қаржы және экономикалық дағдарыс белең алып, ұлттық валютаның долларға қатысты құны екі есеге құнсызданды. Мұнай шығару саласында тәжірибесі мол маман,шетелден ірі шикізат инвесторларын тарту бағытынды белсенді жұмыс жасады.

Әкежан Қажыгелдин

Қызмет жылдары: 1994 жылғы қазаннан 1997 жылғы қазанға дейін

Туған жылы мен жері: 1952 жылдың 27 наурызы, Қазақ КСР-і, Семей облысы, Георгиевка ауылы

Бұл қызметке тағайындалмас бұрын ол бизнес саласында үлкен жетістіктерге жетті. Оның билігі кезінде ұлттық валюта нығайып, инфляция да кеми түсті, қаржы-банктік жүйе қалыптасты. Осы жылдары  мемлекеттік нысандарды жекешелендірудің ірі толқыны жүзеге асты. Бір жағынан, кәсіпорындарда жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан жұмыссыздық көбейе түсті.

Сергей Терещенко

Қызмет жылдары: 1991 жылғы 16 желтоқсаннан 1994 жылғы 14 қазанға дейін

Туған жылы мен жері: 1951 жылдың 30 наурызы, РКФСР Приморск Лесозаводск қаласы

Елдің тәуелсіздік жылдарындағы тарихында алғашқы премьер-министр болып Сергей Терещенко есте қалды.

Бір қызығы, Терещенко мұндай маңызды қызметке 40 жасында қол жеткізіп үлгерген. Оның қызметіндегі ілгерілеушілік 1989-1990 жылдары орын алды. Ол кезде Терещенко Шымкент аудандық комитетінің хатшысынан Қазақ КСР-і Президентінің орынбасарына дейін бір-ақ көтерілген.

Ол бұл кезеңде көптеген реформаларды жүзеге асырумен тарихта қалды. Бұл кезеңде мұндай реформалар әрбір посткеңестік мемлекетте болып жатқан еді. Бірінші кезекте, билікті мемлекет меншігінен алу, кәсіпорындар мен түрлі нысандарды мемлекеттік меншіктен жекешелендіріп алуға қатысты реформалар болды. Сонымен бірге, оның қызмет еткен жылдарында инфляция орын алып, 1992 жылы ол  2500%-ға дейін шарықтап кетті.

Сонымен бірге, Терещенко кезеңінде кеңшарлар мен ұжымшарлардың айтарлықтай бөлігі ыдырап кетті. Оның орнына бейберекет түрде ұсақ тауарлы шауаршылықтар құрыла бастады. 1993 жылы теңге айналымқа қосылды.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250502-tereshchenkodan-masimovke-deyin-qazaqs.html