RU

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ОҚО жастары Ninety One тобының Шымкентте концерт беруіне қарсы болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір топ жастар Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағына жиналып, Ninety One тобының Шымкентте концерт өткізуіне қарсылық білдірді. Бұл шараны олар видеоға түсіріп, You Tube желісіне үндеу түрінде жариялаған. Үндеуде олар топтың концертін өткізбеу үшін барын салатынын айтты. Сонымен бірге, олар "оңтүстік жастары олардың концертін өткізуге жол бермейтінін жеткізді".

Видео авторы: 100 Harun

"91 тобының бір ғана бейнебаянын көрген адам, егер, жүрегінде кішігірім иманы, қазақи түсінігі, салт сақтайтын санасы болса, қандай топ екеніне бірден көзі жетеді", - деді бастамашыл жастардың бірі.

Жастардың бұл үндеуін әнші Заттыбек Көпбосынұлы да қолдап отыр. Ол өз пікірін білдіріп, өзінің бұл топқа наразы болған азаматтар қатарында екенін айтып салды.

"Қазақ өнері дәл сол деңгейде былғанбауы керек", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, Ninety One бұған дейін де түрлі өнер адамдары тарапынан сынға ұшырап, қоғамда бұл топтың бет-бейнесіне қатысты түрлі пікірлер таралып кеткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкенттік жастар Ninety One тобының  концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)
Mailfire view pixel