RU

Ашынған ақтөбелік зертханашы мектептегі былықты жайып салды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназиясының зертханашысы білім ордасындағы барлық былықты жайып салды  деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

«Мен №2 мектеп-гимназиясында зертханашы болып жасаймын. Мектеп директоры көптің алдында мені «сотталған, алаяқсың» деп қорлап, жұмысқа алғысы келмейтінін айтты. Мен мектепке аудан әкіміне шағымданғаннан кейін ғана толық жұмыс күніне кірген болатынмын. Сол шағымнан кейін директор тиісіп жүр. Менің учеттан алынған қағазым бар. Мені әріптестерімнің алдында қорлайтындай директордың қандай құқы бар?», - дейді Гүлнәр Шоқанова.

Зертханашының айтуынша осыдан сегіз жыл бұрын біреуден 35 мың теңге қарыз алып, өтей алмай қалған. Осы үшін алаяқтық бабымен үстінен іс қаралып, сотты болған.

«Ол іс толықтай жабылған. Қарыз төленгеннен кейін есептен де алып тастады. Мен мекеме тонаған жоқпын, ұрлық жасаған жоқпын. Тек ақшамды төлей алмаған кезімде жауапқа тартылғаным рас. Оны мектеп директоры бірнеше жылдан кейін бетіме басып қорлағаны жаныма батты. Директордан сөз естігенде жылап аудандық сот төрағасына бардым. «Сотта істі болған адамды жұмысқа алмайды деген заң жоқ» деп ол кісі жұбатып жіберді», - дейді қызметкер.

Зертханашы мектеп директорының былығын айтып, полицияға да, аудандық білім бөліміне де шағымданған. Қазір Гүлнәр Шоқанованың қолында аудандық білім бөлімі тексергеннен кейін мектеп директорының тілдегені расталды деген құжат бар.

«...Мектеп директорының ұжымның алдында дөрекі сөйлеп, тіл зәбірін бергендігі қуатталды. Сіз құқық қорғау орындарына шағымдануға құқылысыз. №2 мектеп-гимназиясының директоры тәртіптік жазаға алынатындағын сізге хабарланады. Өтініш жауабы қанағаттанбаған жағдайда жоғары және сот орындарына арыздануға құқылысыз» деп аудандық білім бөлімі мектеп қызметкерінің арызына жауап жазған.

«Мен осымен бәрі қойған шығар деп жұмысымды істеп жүргенмін. Бірақ мені түрпектеуін қояр емес. Менің еңбек кітапшамды жоғалтып жіберіп отыр. Мектептегі 158 адамның құжаты түгел, тек менің еңбек кітапшам жоқ. Мұны да маған жасалған қастандықтың бірі деп білемін. Кеше жаңа еңбек кітапшасын әкелген хатшы қыз қол қойып беруімді сұрады. Мен қарсылық білдірдім», - дейді Гүлнәр Шоқанова.

Зертханашы мектепте былықтың көп екенін айтады.

«Аудандық білім бөлімі тексергенде мектеп директорының ақша жинайтынымен, жұмысшыларды жеке шаруасына жұмсайтынын анықтай алған жоқ. Себебі мектепте басшының үстінен шағым түсіретін ешкім жоқ. Жала жабудан аманмын, мен көргенімді айтып отырмын. Мектеп директоры қазір полицияға жазған арызымды қайтып ал деп отыр. Мен ол жерде мектепте ақшаның жиналатынын айтқан болатынмын»,- дейді Гүлнәр Шоқанова.

Шағымданушы екі студент баласын оқытып, сексен жастағы анасын бағып отырған жалғызбасты ана екенін айтты. Ол мектеп диреторы қысымға алуын қоймаса сотқа арызданатынын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250520-ashynghan-aqtobelik-zertkhanashy-mektep.html