RU

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Дәрігерлер жасап жатқан емдік шаралары Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына әсер етпей жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оның жағдайы бұрынғыдай. Оң не теріс жаққа өзгерістер байқалмайды (...) Ол әлі де есін жимады», - деді Астанадағы Ана және бала орталығының баспасөз қызметкері Данияр Меңлібеков.

Ол отандық мамандармен қатар Кембридж Университеті мен Мәскеуден келген ақ халаттылар қолынан келгенін жасап жатқанын еске салды.

«Дәрігерлер емдеу шараларының ағзаға қалай әсер ететінін күтуде, алайда болжам жасамай отыр», - деп қосты Д.Меңлібеков.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, Қылмыстық кодекстің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.

6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250595-aqtauda-zorlanghan-alty-zhasar-qyzdynh.html