RU

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше ғана премьер-министрдің орынбасары болып тағағйындалған Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды? Вице-премьер Қорғаныс министрі болған уақытта елімізде қандай өзгерістер болғанын министрліктің ресми сайты жазды.

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі лауазымын 2014 жылғы қазан айынан бастап атқарды.

 Әскери техниканы сатып алу мен өндіру

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштері 4++ үлгідегі су жаңа жоғары маневрлі көп функционалдық екі орындық Су-30СМ жойғышымен, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшағымен, жаңа С-295 әскери-көлік ұшағымен толықты.

Астанада «Арлан» көп мақсатты маневрлі броньды машиналардың, яғни, миналар мен баллистикалық снарядтардан керемет қорғайтын жауынгерлік іс-қимылдардың төтенше маневрлі аспабының іске қосуы ретке келтірілді.

2016 жылғы қаңтардың соңында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға барып, король Абдуллах II ибн әл-Хусейн әл-Хашимимен "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" компания зауытының өнімі – 50 қазақстандық «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасын сату туралы уағдаласты.

2016 жылдың наурызында Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына жол ашты. Аталған жоба әзірленіп, ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда.

Жауынгерлік даярлық

2015 оқу жылы бойынша ҚР ҚК-де 2208 әртүрлі оқу-жаттығу (оның ішінде, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атулары) өткізілді. 2014 жылы – 1807, бұл алдыңғымен салыстырғанда 18 пайызға көбірек. Бір жылғы барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша әскерлердің жауынгерлік даярлығының саны мен сапасы 7,2%-ға артты.

2015 жыл еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің кенеттен тексерілуімен ерекшеленді. Бұл тексерулер тексерілген құрамалардың жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін дәйекті бағалауға, бар проблемаларды анықтауға, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауда командирлер мен барлық жеке құрамға тәжірибе  жинақтауға мүмкіндік берді.

2016 жыл алғаш рет қолданылған көшпелі отырыстар практикасымен басталды. Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонында көшпелі алқа отырысын өткізді. Дабыл бойынша Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері көтерілді.

Алғаш рет Орталық аппарат әскери қызметшілері жиыннан кейін Астана қаласы әскери бөлімдері бірінің маңында өрістетілген далалық лагерьге жол тартты.       2016 жылдың ақпанында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» полигонында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты.

2016 жылдың сәуірінде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өткен «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты.

Маңызды іс-шаралар   

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде қазақстандық армия тарихындағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған ең ірі  әскерлер парады өткізілді. Бұл парад өткен жылдардағы ең көзтартарғ ауқымды және көп санды болды. Оған еліміздің Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасының рекордтық саны қатысты.

2015 жылы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов еліміздегі ҚР ҚК әйел әскери қызметшілері арасындағы тұңғыш «Батыр арулар» байқауының басталуына жол ашты. Қатысушылар өтінім берілген сәттен бастап және шешуші кезеңге дейін нәзік жандылар үшін қиын болып келетін әртүрлі кедергілерден өтті.

2015 жылдың 1 желтоқсанында мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің тарихындағы тұңғыш әскери-тарихи музейі ашылды. Музей қорында ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қазақ халқының әскери тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің нақышын келтіретін сирек кезедесетін және бірегей жәдігерлер бар.

Еліміздің аумағындағы ең ауқымды оқиғалардың бірі IV  халықаралық KADEX-2016 қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің өткізілуі болды. 4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің барлық күші мен қуаты көрсетілді.

Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жаман-Тау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарын пайдалану және жалға алу тәртібі өзгерді. Нәтижесінде пайда қазбаларының кен орындары мен коммуникациялар орналасқан жалға алудан 1,6 млн га аумақ шығарылып, Қазақстанға берілді.

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету

2016 жылдың шілдесінде Қазақстанның шығысында Аягөз гарнизонында 90 әскери қызметші мен олардың отбасылары жаңа қоныстойын тойлады. Мұнда күрделі жөндеуден кейін тұрғын үй пайдалануға берілді. Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда қызмет бағытының бірі болып қалуда.

Халықаралық қарым-қатынас

Қорғаныс министрлігі әлемнің 42 елімен серіктестік қарым-қатынас орнатты. 12 елмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасалды. Олардың ішінде Армения, Ресей, Беларусь, Грузия, Израиль, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция мемлекеттері бар.

Тағы оқыңыздар:

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?
Mailfire view pixel