RU

Назарбаев арпаны бидаймен шатастырған әкім туралы айтып, жұртты күлкіге қарық қылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев брифинг барысында журналистерге арпаны бидаймен шатастыратын әкім туралы күлкілі оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бір кездері мен облыстардың біріне әкім тағайындадым. Екеуміз келе жатырмыз, ол «қандай ғажап бидай, қандай тамаша бидай» деп шаттанып жүр. Мен сонда «тоқтай тұр, бұл бидай емес, арпа ғой» дедім. Ондай да болады. Бидайдың сапасы жақсы, көңілім толды, көңіл-күйім көтеріңкі, өйткені диқандар астық алқабын дәнге толтырыпты. Ауа райы қарасып, шашпай-төкпей жинап алсаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді», - деді мемлекет басшысы тілшінің «Шортандының наны ұнады ма?» деген сұрағына жауап бере отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына үлкен үміт артылып отырғанын атап өтті.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсы 5,5 млн тонна астық береді. Бүгінде елімізде 1 млрд пұт астық жиналды. Ақмола облысы тұрақты дамып келеді. Астананың өнеркәсібі өңірдің ауыл шаруашылығына көмектесуде. Ақмоланың қалаларында өнеркәсіп өсіп, кәсіпорындар ашылып жатыр. Таяуда іске қосылатын Масал кен-метталлургиялық комбинаты да үлкен демеу болады. Қазір мен тауар өндірушілерден Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көмекке мұқтаж ауылдықтарға қол ұшын созып, мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар мен көшелерді жөндеп беруді сұрадым. Мұның бәрі әрбір ауылда өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет»,- деп түйіндеді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында Шортанды ауданындағы «Жәкен-1» ЖШС шаруа қожалығының жұмысымен танысып, диқандармен, механизаторлармен әңгімелесті.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250841-nazarbaev-arpany-bidaymen-shatastyrgh.html