RU

Танымал тележүргізуші ұзатылды (фото)

Танымал тележүргізуші әрі "Алматы аруы-2010" байқауының жеңімпазы Салтанат Бекжігітова ұзатылды. Әзірге сүйіктісінің есімі Сандыжар екені ғана белгілі деп хабарлайды Stan.kz.

Осыдан бірнеше ай бұрын Салтанат Бекжігітова өзінің сүйіктісімен бірге әріптестерінің бейнебаянына түскен болатын. Аталған бейнебаянда танымал тележүргізушінің тұрмысқа шығып жатқан сәті таспаланған. Енді міне тойларына дайындық жүргізіп үлгерген қос ғашық  шынайы өмірде той жасап жатыр. Қыркүйектің 11-і күні Салтанат Бекжігітова ұзатылды. Әзірге үлкен тойдың қашан болатыны белгісіз.

Бұл қуанышты хабарды тележүргізушінің өзі инстаграм парақшасы арқылы бөлісті. Сүйіктісімен тойда түскен бірнеше сурет салып, тұсына "Ұядан ұшып, қияма қондым" деп жазады ол.

Әзірге күйеу жігіттің есімі Сандыжар екені ғана белгілі. Жуырда олар Алматы қаласында өткен бойы ұзын адамдардың кездесуіне барған болатын. Аталған кездесу барысында өткізілген сайыста бас жүлдені еншілеп үлгерген-ді. Бекжігітованың бойы – 180 см болса, сүйіктісінің бойы – 193 см екен.

"Көйлек сондай әдемі. Өзің де сұлусың", "Салтанат, сен әрдайым мықты болатынсың. Дәл қазір керемет болып тұрсың. Тамаша! Сұлулығыңа көз сүйсінеді! Өміріңді өзің қалағандай етіп сүр, бақытты бол", "Көйлегіңе сөз жоқ", "Құттықтаймын! Екеуің жарасымды жұпсыңдар!" деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Салтанат Бекжігітова мектеп қабырғасында ұзын бойынан қатты ұялған. Мұнымен қатар, өзін ұсқынсыз деп санаған. Бірақ есейе келе комплекстерін жеңіп, "Алматы аруы-2010" байқауында бас жүлдені иеленді. Бұдан кейін медицина саласында білім алып, ұстаздық етуді армандады. Алайда ақырында экономика факультетіне тапсырып, сол жерде білім алады.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250966-tanymal-telezhurgizushi-uzatyldy-foto.html