RU

Испан армиясында қызмет еткен теке отставкаға кетті

 Испан армиясында қызмет еткен теке отставкаға кетті деп хабарлайды 24.kz.

Испаниядағы құрлық әскерлерінің құрамына кіретін легион қатарында кәдімгі теке осы кезге дейін «қызмет етіп» келді. Пепе атты ашатұяқты анау-мынау емес, логистика тобында қызметкер ретінде есепте болған.

Он бір жыл бойы легион сарбазы атанған теке офицерлермен қатар сап түзеп, салтанатты әскери парадтарға да шыққан. Ал биыл «жануар зейнетке шығуы тиіс» деп ұйғарған әскери басшылық Пепені отставкаға жіберді.

Енді жануар «Ла-Пепа» атты арнайы фермада бағылатын болады. Бір қызығы, фермаға жеткізілген Пепе бірнеше күн бойы жем-суға тұмсығын тигізбестен, айналасындағының бәрін жатырқапты, деп жазады espanarusa.com.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1250978-ispan-armiyasynda-qyzmet-etip-zeynetk.html