RU

Қырғызстан туристер баруға "міндетті" 12 елдің қатарына енді

Британдық The Independent газеті Қырғызстанды әрбір саяхатшы баруға тиісті 12 елдің қатарына енгізді. Бұл рейтингті әйгілі саяхатшы Гуннар Гарфорс жасаған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

40 жастағы азамат әлемнің шамамен барлық елдерінде болған. Гарфорс ең қатты ұнаған елді атауға қиналады, бірақ ол әрбір саяхаттаушы баруға тиісті 12 елдің атын атай алады.

Саяхаттаушының пікірінше, Қырғызстанның табиғаты сұлу, халқы - қонақжай, ал базарларынан барлық нәрсені табуға болады. Гарфорс саяхатшыларға бұл елге стақан алып баруға кеңес береді, өйткені "Қырғызстан арағы өте күшті".

Еске салайық, 2015 жылы тағы бір британдық The Telegraph газеті Қырғызстанды саяхатшылар баруға тиісті 12 елдің қатарына қосқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251032-qyrghyzstan-turister-barugha-mindetti-12.html