RU

Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметінен айырылған тұрғын әділдік іздеп жүр

Бүкіл Алматыны үрейде ұстап, жолындағы бірнеше адамды атып тастаған Руслан Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметімнен айырылдым деген Қызылорда облысының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев әділдік іздеп шарқ ұрып жүр деп хабарлайды 31 арна.

Он жыл қызмет еткен саласынан бір сәтте босатылған тұрғын арнамыздан көмек сұрап келді.

Алмаз Тұрғанбаев Ішкі Істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде осыған дейін криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет атқарған. 18 шілде күні Алматыда құзырлы орган өкілдеріне оқ жаудырып, бірнешеуін жаралап, қарсы келгендерін аяусыз атып тастаған Руслан Күлікбаевтың  лаңкестік әрекетінен соң Алмаз Тұрғанбаев қызметімнен айырылдым дейді.

Айтуынша, басшылары азаматқа бақылауындағы Күлікбаевқа салғырт қарадың деп айып таққан. Сөзінше, өзімен бірге тағы үш қызметкер лауазымынан босатылған екен. Алайда экс-полицей адал еңбегі мен маңдай тері сіңген саласына қайта орналасқысы келетінін айтады.

"Менімен бірге жұмыстан шығып кеткен төрт баланың екеуін қайтадан алып алыпты. Білмеймін, қай негізде алып алғанын. Бірақ, сол себепті менің негізгі ойым менің қайта жұмысқа тұруыма құқығым бар", - дейді Байқоңыр қаласының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев.

Және де тұрғын Руслан Күлікбаев жасаған лаңкестіктің  алдында да басшысынан қысым көргенін айтады. Енді ол өзі қызмет еткен Байқоңыр өкілдігіне қайта жұмысқа орналасу үшін алдағы уақытта басқа да органдарға шағымданамын деп отыр.

Айта кетейік, Руслан Күлікбаев осы жылдың 18 шілдесінде Алматыда атыс шығарып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болған кезде несімен есте қалды?

Назарбаев барлығы жақсы болатын күн қашан туатынын айтып берді

Шымкенттік жастар Ninety One тобының концертін өткізбеу үшін бас көтеруде (видео)

ОҚО-да табиғаты тамаша жерге араб шейхы коттедж салып, өзгелерді кіргізбей қойған (видео)

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына ем әсер етпей жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251059-kulikbaevtynh-qylmysynan-sonh-qyzmeti.html