RU

Шардаралық жігіт Қайрат Нұртастың қымбат костюмін сатып жібермекші (фото)

Шымкенттік жігіт Қайрат Нұртастың пиджагін сатылымға шығарды деп хабарлайды Замана басылымы.

Қайрат Нұртастың қымбат бағалы киіміне ие болған жігіттің есімі - Қазыбек Дарханбай, ол Шардара қаласында тұрады.

«Бұл бағалы сыйлық маған 2015 жылдың 24 мамырында бұйырды. Дәл сол күні Қайрат Нұртас біздің ауданға арнайы келіп, жеке концертін өткізген болатын. Сол кеште мен қолыма микрофон алып, оған деген тілегімді айттым. Әндерін сүйіп тыңдайтынымды білдірдім. Соған риза болды ма, әйтеуір маған аса бағалы тастармен көмкерілген аппақ пиджагін сыйға тарты. Шынымды айтсам, ол пиджаг өзіме қатты ұнайды. Өлшемі де өзіме құйып қойғандай. Сатуға қимаймын. Бірақ олай етпеске амалым болмай тұр. Мен сал ауруына шалдыққанмын. Жиі ем қабылдап тұруға тиіспін. Ал кезекті ем курсын қабылдау үшін ақша таба алар емеспін. Маған негізі тұп-тура 450 мың теңге керек боп тұр. Сол себепті мен Қайрат Нұртастың пиджагын осы сомаға бағалап отырмын. Бірақ алатын адамдар кездесіп жатса 350-400 мың теңгеге де бере салар едім», - дейді Қазыбек.

Әзірге пиджакты алатын нақты адам табылмапты. Жарнама арқылы хабарласушылардың көбі оны тым қымбатқа бағалап отырғанын айтады екен. Сондай-ақ оның сөздерінен дәл қазір қиын жағдайда тұрғанын, емделуі үшін ақша таппай отырғанын байқауға болады.

Тағы да оқыңыздар:

Илья Ильиннің Лондондағы алтыны кімге берілетіні анықталды

Терещенкодан Мәсімовке дейін - Қазақстан премьер-министрлері несімен есте қалды

Павлодарда Ленин ауылына Қазанғап бидің атын беруге тұрғындар қарсы шықты

Депутаттар бас ауруға айналған бюджетті қайта есептеп жатыр

Назарбаев арпаны бидаймен шатастырған әкім туралы айтып, жұртты күлкіге қарық қылды

Испан армиясында қызмет еткен теке отставкаға кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251112-shardaralyq-zhigit-qayrat-nurtastynh-qy.html