RU

Ақтөбеде оқытушылар мүгедек студентті мазақ қылып, оқудан шығарып жіберді

Ақтөбедегі Батыс Қазақстан медициналық университетінде тегін оқып келген 3-ші курс студенті Ләззат Қуандық оқу орнындағы келеңсіз жайттарды тізбектеп берді.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Мен екінші топтағы мүгедекпін. Осыдан үш жыл бұрын өзіме берілген жеңілдікпен грант ұтып, медициналық университетке оқуға түстім. Биыл төртінші курсқа өтуім керек. Бірақ емтиханнан құлатып, оқудан шығарып жатыр. Университетке барғанымда деканнан бастап мені қорлаушылар көп болды. «Сен сияқтыларға қалай грант бөлген?», - деп маған шошып қарайды. Өзімнің дәрігерім де «Үкімет қайда қарап отыр? Сен бітіріп шығарсың. Бірақ мына түріңмен сені ешқайда жұмысқа алмайды. Саған грант неге бөлінген?», - деп мені адам құрлы көрмей талай жылатты», - дейді студент Ләззат Қуандық.

Аяғын ақсаңдап басатын үшін студентті медициналық университеттің мұғалімдері талай рет жылатқан.

«Фармакологиядан пәнінің оқытушысы анама мені әбден жамандады. «Балаңды мұнда неге әкелдің? Ертеңгі күні жұрт оны көргенде дәрігерлің өзі дұрыс еместігін айтып шошиды. Балаңның ештеңеге пайдасы жоқ, оны алып кет», - деп менің мүгедектігімді айтып кемсітті. Олар менде бірдеңе дұрыс болмай қалса «Сен аурусың» деп тиіседі. Өткен жылы аяғымды шығарып алып, екі ай сабаққа бара алмай қалдым. Үш емтиханнан өтпей қалып, сынақты ақылы түрде 4 пен 5-ке тапсырдым. Үш сабақтың бағасы 100 мың теңгеден асып кетті. Емтихан арасындағы демалыста ауылға кеткен болатынмын. Сол кезде Ақтөбеде теракт болды да, ауылдан қалаға жете алмай қалдым. Емтихан уақыты кейінге қалып, бір күнде үш емтихан тапсырдық. Мен үшеуінен алған тест жұмысынан төмен балл алдым. Өтпей қалғаннан кейін деканға барып жағдайымды айттым, ол кісі көмектесе алмайтынын айтты. Ректордың есігінің алдында ертелі-кеш күтіп отырып, жолыға алмадым»,-дейді осы жағдайдан кейін оқудан шығып қалғанын айтқан ол.

«Курстағы студенттердің үздік ондығына кіремін. Деканатқа кіріп, қайтып оқуға мүмкіндік беруді сұрадым. Олар: «Біз саған кезінде оқыма деп айттық. Мен сені ең бірінші көрген кезде шошып кеттім. Мүгедек адамдар дәрігер болуға лайықты ма? Сен грантыңнан айырыласың, үшінші курсты ақылы түрде оқисың» деп кесіп айтты. Мен 700 мың теңгенің оқуын төлей алмайтынымды айтып жыладым», - дейді екінші топтағы мүгедек саналатын Ләззат.

Оқудан қуылған студент көмек сұрап талай есікті тоздырған.

«Мені ата-анам 5 жасымнан бастап емдетіп жүр. Олар емдетпесе, креслода отырар ма едім? Ата-анам аяғымнан тұрғызды. Мен университеттен қайыр болмаған соң, сал ауруына шалдыққандарды қолдау қоғамдық қорына бардым. Олар бұл жағдайды шошып тыңдады. Университетке хабар жіберетіндерін айтты. Қазіргі кезде деканаттағылар менің грантымды маусым айында басқаларға өткізіп жібергенін айтады», - дейді Ләззат Қуандық.

Ал оның анасы қызының қиын жағдайда жүргенін айтады. Қызын көзінен таса қылмай үйінде ұстап отыр.

«Мен деканның орынбасарына қызымның жағдайы қиын екенін айттым. Өткен жылғы бала құсап асылып өліп қалса қайтемін? Ол жақтағы жағдайдың бәрін біліп отырмыз. Ол бала да грантынан айырылғаннан кейін өзіне қол жұмсаған болатын. Тағы бір бала анатомия сабағынан өте алмай қалып, жүрегі жарылып өлді. Олар студенттерді адам құрлы көрмейді», - дейді анасы Жадыра Төребекова.

Тағы да оқыңыздар:

Жаңа үкіметке Тасмағамбетов келген соң қазнеттегілер сүйінші сұрап, бірін-бірі құттықтап жатыр

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Терещенкодан Мәсімовке дейін - Қазақстан премьер-министрлері несімен есте қалды

Павлодарда Ленин ауылына Қазанғап бидің атын беруге тұрғындар қарсы шықты

Шардаралық жігіт Қайрат Нұртастың қымбат костюмін сатып жібермекші (фото)

Павлодарда жалғыздықтан әбден қажыған зейнеткер 9-шы қабаттан секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251138-aqtobede-oqytushylar-mugedek-student.html