RU

Түркияда 111 жастағы қария Құрбан айтты 110 немересімен бірге қарсы алды (фото)

Түркияның Муш қаласы Кепенек ауылының 111 жастағы қариясы Зүбейір Бакыр биылғы Құрбан айт мерекесін 7 баласы, 110 немересі мен 5 шөбересінің ортасында қарсы алды.

Бұл туралы түріктің Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған 24 арна хабарлайды.

Қазыналы қарттың айтуынша, Құрбан айт – бірлік пен берекенің, татулық пен бейбітшіліктің ұлық мейрамы.

«Жұбайыммен 76 жыл отастым. Ол 90 жасына келіп, дүниеден озды. Содан бері балаларым мен немерелерімнің қолындамын. Олар менің барлық жағдайымды жасап берді. Әйеліммен бірге болған 76 жылдың ішінде сөз қағыстырып, ешқашан ренжіскен емеспіз. Бақытты өмір кештік. Өйткені біз бір-бірімізді сүйдік», - деп өткенін еске алады қария.

Сондай-ақ ол деннің саулығы мен ұзақ жасаудың сырымен де бөлісті. Зүбейір Бакыр «Ас – адамның арқауы» деген қағиданы берік ұстануға кеңес береді. Өзі өмір бойы ауылда тұрғандықтан, тек табиғи таза өнім тұтынғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам тіл тартпай кетті

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Жаңа үкіметке Тасмағамбетов келген соң қазнеттегілер сүйінші сұрап, бірін-бірі құттықтап жатыр

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Шардаралық жігіт Қайрат Нұртастың қымбат костюмін сатып жібермекші (фото)

Павлодарда жалғыздықтан әбден қажыған зейнеткер 9-шы қабаттан секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251261-turkiyada-111-zhastaghy-qariya-qurban-aytty-110.html