RU

Адамның психикасын бұзатын қауіпті мамандықтар тізімі анықталды

Мамандықтардың барлығы бірдей адамға жайлы тие бермейтіні белгілі. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.

Психологтар адамның денсаулығына қауіпіт мамандықтар тізбегін жасақтады деп жазады Замана.

Дәрігер. Дәрігерге аса жауапты, кейде өте күрделі жағдайда жұ­мыс істеуге тура келеді. Өзге жұртқа олардың басқаға немқұрайды қа­рай­тын сияқты көрінетіні сондықтан. Күн сайын алдына ке­летін науқастардың қиналысы мен кей жағдайдағы өз қор­қынышын олар көбіне осындай психологиялық қорғанышпен бүркейді. Олар өз ортасында қалай сөйлесе, бірте-бірте үйінде де, достар мен туыстар арасында да осылай сөйлейтін болады. Кейде өз көңіл-күйлерін барынша жасыруға тырысатыны сонша, жұмысында өзіне аса қолайсыз тиген жай туралы жақын адамдарына да айтпайды. Кейбір қайғы­лы жайларда құпия ұстайды, сондықтан өзгелерге басқаша көрінетін кез­дері көп. Ал мұны негізінен немқұрайдылық, мейірімсіздік емес, тәсіл деп түсінуге болады.

Әскери қызметкер. Әскери қызметкерлер жас­тайынан қатаң тәртіпке үйренеді. Олар үйлерінде де осындай, өз ыңғайына көн­бегендерге аяушылық, жұм­сақтық деген аз. Бұл бірте-бірте олардың өмір салтына айналады.

Заңгер. Заң саласының адамдарын бірден тануға болады. Сырт тұлғасының өзі оларды көрсетіп тұрады. Одан бөлек, олар өздерін қандай жағдайда да сабырлы ұстайды. Сұраққа анық, нақты жауап береді, ал өз­де­рі сауал қойса, көбіне кәсіптік ұғымдарды жиі қолданады. Олар көп ақпарат біледі, кейде сұхбаттасын ін­деткен сұрақтармен жалықтырып жіберулері де мүмкін.

Есепші. Бұл сала адамдары нені болса да мұқият, дәлме-дәл орындайды. Осы әдеттерін отбасында да жүр­гізеді. Бір­қалыпты есеп-қи­сапқа үй­ренген оларды күт­пеген жайлар үрейлендіреді. Әрі сақтандырады. Олар зейнетке шыққанша табыс бе­ретін тұрақты жұмыс­қа орна­ласқанды қалайды, кәсібін ауыстыру олар үшін өте қиын. Есепшілермен отау құрғандарға жақсы, өйткені олар отбасы бюд­жетін жақсы жоспарлайды, үйді таза әрі ұқыпты ұстайды.

Журналист. Журна­листер көп нәрсеге атүсті қарайды. Өйткені олар жедел ақпарат беруге үйренген, тереңнен ойлап жатуға аса құмарлары аз.

Психолог. Психолог мамандығы да оны меңгерген адамның мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Өйткені олардан ақыл-кеңес сұраушылар көп. Өзгелерге кеңес бере жүріп олардың өз проблемаларын шешуге уақыттары бола бермейді. Мұндай әдет оның туған-туысқандарына қаласын-қаламасын ақыл үйретуге де әсер етеді, оларды жалықтырады.

Сауда менеджері. Сау­да менеджерлері қулық жасауға мәжбүр, олар затты, мүлікті сату үшін сондай қадамдарға барады. Өз кезегінде бұл да оның психологиясын бұзады, мінезін өзгертеді.

Жалпы алғанда, қай мамандықтың болса да иесінің мінез-құлқына белгілі бір дәрежеде әсері тиеді. Сол әсерлердің ықпалында кетіп қалмау керек. Әйтпесе ол 3-7 жылда адам писхикасын өзгертіп, оның мінез-құлқы мен өмірге деген көзқарасын мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда төсегінде жатып темекі шеккен мүгедек тұрғын ажалдан аман қалды

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Жаңа үкіметке Тасмағамбетов келген соң қазнеттегілер сүйінші сұрап, бірін-бірі құттықтап жатыр

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Шардаралық жігіт Қайрат Нұртастың қымбат костюмін сатып жібермекші (фото)

Павлодарда жалғыздықтан әбден қажыған зейнеткер 9-шы қабаттан секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251362-adamnynh-psikhikasyn-buzatyn-qauipti-m.html