RU

Алматыда банкир жігітті өлтірген күдікті құрықталды

Алматы ІІД қызметкерлері Нұршат Розиевті өлтіру ісі бойынша күдіктіні анықтап, құрықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталына ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Соталды тергеу барысында 25 жастағы Алматы тұрғыны банкирмен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай қылмысқа барғаны анықталды. Ол қылмыс ізін жасыру үшін Розиевтің үйін өртеп, мәйітін өзенге лақтырып жіберген.

Бүгінде қылмысқа қатысты болуы мүмкін өзге тұлғалардың бар-жоғы анықталуда.

Еске салсақ, Нұршат Розиевтің денесі өзеннен табылғаны хабарланған болатын. 28 жастағы банк қызметкерін соңғы рет достары 3 қыркүйекте көріп, оған іздеу салған.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам тіл тартпай кетті

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251366-almatydaghy-bankirdi-oltirgen-kudikt.html