RU

Алматылық полицейлер жас жігітті бөлшектеп, басын қоқысқа лақтырып кеткен күдіктілерді анықтады

Алматы полицейлері 1991 жылғы жігітті өлтіріп, 7 қыркүйек күні бөлшектелген денесін Алматыдағы қоқыс жәшіктерінің біріне лақтырып кеткен күдіктілерді Байқоңыр қаласында құрықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталына ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Күдіктілер 1993, 1994 жылғы ШҚО және Павлодар тумалары дейді полицейлер.

Белгілі болғандай, олар жігітті араларында болған жанжалдан кейін аяусыз өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін олар бірден Алматыдан ізін суытып, шетел асып кетпек болған.

Күдіктілерді бүгінде полицейлер Байқоңырдан Алматыға алып кетті. Айта кетерлігі, күдіктілердің бірінің туыстары полицейлерге оның хабарсыз кеткенін айтып, 14 қыркүйек күні жүгінген.

Еске салсақ, Алматыдағы қоқыс жәшіктерінің бірінен ер адамның кесілген басы мен аяқ-қолдары табылған. Кейін оның кім екені анықталды. Марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам тіл тартпай кетті

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251392-policiya-zhigittinh-basyn-qoqys-zhashigin.html