RU

ОҚО-да қыз болып туылған сәби кейін ұлға айналып кетті (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында қыз болып туылған сәби кейін ұлға айналып кетті.

Бұл туралы Қазақстан-Шымкент арнасына сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.

Ордабасы ауданында дүниеге келген сәбиге ата-анасы Айару деп ат береді. Дәрігерлер жүктілік кезінде баланың дамуында тежеу барын айтып, анасынан сәбиді алдыртып тастауын өтінген. Алайда, құрсағына біткен баладан анасы бас тарта алмапты.

Осылайша, мерзімінен бұрын дүниеге қыз болып келген сәбиді ата-анасы Айару деп атап кеткен. Алайда, уақыт өте келе сәбидің дамуында өзгерістер байқалып, қыз бала кенеттен ер балаға айналып кетеді. Яғни, сәбидің жыныс мүшесі кеш дамыған.

Бүгінде ата-анасы Айарудың атын Айсүндет деп өзгертуге мәжбүр болыпты. Айсүндеттің анасы Сәуле Елбасиеваның айтуынша, балаға ота жасату үшін 6 млн теңгедей қаражат керек екен.

"Балам болашақта қиналмай өссе екен деп тілеймін. Өскен кезде мен неге мұндай болдым деп сұрақ қоймаса деген арманым ғана бар. Сол үшін қазірден бастап емдегіміз келеді. Бірақ, қаржының жоқтығы қолымызды байлап тұр", - дейді Сәуле Елбасиева.

Екі жастан асқан Айсүндеттің дерті сирек кездесетіндіктен, отасы да қымбатқа түсіп тұр.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең сұлу он арудың тізіміне енді (фото)

ОҚО-да жемқор әкімдер балабақшадағы сәбилердің несібесін "жеген"

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Алматылық полицейлер жас жігітті бөлшектеп, басын қоқысқа лақтырып кеткен күдіктілерді анықтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251434-oqo-da-qyz-bolyp-tuylghan-sabi-keyin-ulgh.html