Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемдегі он елдің қатарына енді деп  хабарлайды Корреспондент.

Елімізде 2013 жылы 168 417 неке қиылса, 2014 жылы – 159 328, ал 2015 жылы 148 769 жұп шаңырақ көтерген. Яғни отау көтеру көрсеткіші жыл сайын кемісе, керісінше ажырасу көбейіп келеді. Себебі олардың 2014 жылы – 52 673-і, 2015 жылы – 53 293-і ажырасып кеткен.

Әлемдік статистикаға сенсек, Қазақстан ажырасу жиілігінен ондықта тұр. Сондай-ақ еліміз үйлену көрсеткіші жағынан да ондыққа тоғызыншы боп енген. Ал ажырасқандардың денін былайғы жұрт «қиындықтан оңай құтылуға тырысқандар» деп санайды екен. Олай болса, жастар шынымен қиындықтан қашып ажыраса ма?

Кеше ғана бір болу үшін жанын, қолдағы барын беруге даяр жұптар енді неге қақ бөлінуден түк қорықпайды? Бүгінде қол ұстасқандардың қолынан қағып, бетінен алатын ажырасудың алғашқы себепкері - дүние. Иә, материалдық жағдайдың жұтаңдығы, яғни ер адамның отбасын дұрыс асырай алмауы, күнделікті қажеттіліктермен қамтамасыз етуге шамасының жетпеуі – шаңырақтың шайқалуына апарар алғашқы баспалдақ.

Мұндайда ислам діні де ер адамға бір құшақ отын жинап сатса да, отбасын асырауды міндеттейді. Бірақ мәселенің барлығы ас-ауқаттың маңайында ғана болса мейлі ғой. Кейде жанжалдар пәленшенің үлкен үй соғуының, көршінің жаңа көлік алуынан, я болмаса кейбір құрдастың жыл сайын шипажайда демалатынынан шығып кетуі мүмкін.

Ал, түймедей керістің соңы түйедей жанжалға айналып, отбасының ойраны шықса, аңтарылудың қажеті жоқ. Өйткені бүгінгі таңда өзіне жетпеудің емес, біреуге жетпеудің кесірінен махаббаттың отын өшіріп, шаңырақтың шырқын бұзғандар өте көп. Мұндай себептерді көптеп келтіруге болады. Мысалы, мінездің шатақтығы, жұмыссыздық, баспана, бала сүйе алмау, маскүнемдік пен құмарлық, ата-ене мен қайын жұрт, қызғаншақтық...

Психолог Динара Болаттың айтуынша, отбасын сақтау мүмкін болмаған күннің өзінде балалы ата-аналар ажырасарында өте абай болулары қажет. Өйткені, психологиялық тұрғыда ең үлкен зардап шегетін – үйдегі балалар.

«Көп нәрсе анасына байланысты. Себебі көп әйелдер ажырасқаннан кейін баланы өзімен алып қалу үшін олардың санасын улай бастайды. Яғни, балаларды әкесіне қарсы қояды, жұбайын кінәлайды. Нәтижесінде, бала өз-өзіне сенімсіз болып өседі», – дейді ол. Ең сорақысы, ажырасқан отбасында жетіліп, тағдырдың ауыртпалығына төзе алмаған бала барып суицидке соқтығуы да әбден мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облы-сындағы АХАТ бөлімінде тіркеліп жатқан неке бұзу деректері дағдарыс немесе жұмыссыздықтың кесірінен ғана емес екен. Көбіне мінез-құлық пен келіспеушілік, перзенттің жоқтығы себеп болады-мыс. Ал ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексі неке бұзуға өтініш берген азаматтарға 1 ай мерзім беріп, татуласуға шақырады. Арнайы психологтардың кеңесіне жүгінуге мүмкіндік туғызады. Бірақ отбасын сақтап қалуға ниеттері болмаған жағдайда өтініш қанағаттандырылады екен.

Тағы оқыңыздар:

Альварес: Головкиннің жеңісі мені айтарлықтай қызықтырған жоқ

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең сұлу он арудың тізіміне енді (фото)

ОҚО-да жемқор әкімдер балабақшадағы сәбилердің несібесін "жеген"

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1251489-qazaqstandyqtar-azhyrasu-boyynsha-ale/

pixel