RU

Биік өкшелі туфли киетіндер бала сүйе алмай қалуы мүмкін

Биік өкшенің зияны жайлы қанша айтылып жүрсе де, оны қыз-келіншектер білсе де «енді қайтеміз, сұлулық құрбандықты талап етеді» деуден жаңылмауда.

Негізінде, биік өкше зиян емес, аса қауіпті екенін ескерген жөн деп жазады Асыл сөз.

Дәрігерлер биік өкшенің 2 қауіпті ауруға алып келетінін айтады: біріншісі – жіліншік бұлшықетінің қабынуы, екіншісі – Ширман ауруы, яғни дене бітімнің өзгеруі.

Соңғысының салдарынан жатырдың төмендеп кетуі ықтимал. Ал жатырдың төмендеуі әйелдің бала көтеруіне кедергі келтіреді, яғни сұлулық үшін өздерін құрбан етіп жүрген қыз-келіншектеріміз соңында бала сүю бақытынан айырылуы әбден мүмкін.

- табан сүйектерінің қисаюы;

– омыртқа аурулары;

– тізе асты сіңіріне салмақ түсуі;

– аяқ саусақтарының қисаюы;

– бел аурулары – мұның барлығы биік өкшенің салдары.

Сондай-ақ, биік киіп алған қыздарда «құлап қалмаймын ба, мына жерден қалай өтемін» деген қобалжуынан, ішкі қорқынышынан миына салмақ түседі, әр қадамын басқанда «уайымға» салынады.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда бес жасар бала бөшкедегі суға батып кетті

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең сұлу он арудың тізіміне енді (фото)

ОҚО-да жемқор әкімдер балабақшадағы сәбилердің несібесін "жеген"

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251645-biik-oksheli-tufli-kietinder-bala-suye.html