RU

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Семей тұрғыны қызын абайсызда өлтіріп алды. Келіншек баланың үстіндегі битті жануарлардың битін тазартуға арналған диазинонмен тазартпақ болған.

Анасы, тіпті дәрінің тек жануарларға арналғанын және құрамында адамдарға қауіпті ІІ деңгейлі у барын ескертетін жазбасын да оқымаған деп жазады «Экспресс К».

1 миллилитр дәріні тек 10 литр суға араластырып, жануарлардың үстіндегі жәндікті улау керек. Ал адамға бір тамшысы тиіп кеткеннің өзінде бірден барып жуып тастау қажет екені көрсетілген. Ал келіншек болса, дәріні есепсіз араластыра салып, қызының басына сепкен.

Бірнеше минуттан кейін қыз бала есінен танып құлайды. Ал анасы бірден жедел жәрдем шақыртудың орнына туған-туыстарына қоңырау шала бастаған деп хабарлады Tengrinews.kz.

Жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенде қыз бала комаға түскен. Ол анафилаксиялық шок алғандықтан, емханаға жете салысымен көз жұмды. Құқық қорғаушылар істі өз бақылауына алды.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам тіл тартпай кетті

Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

Рамзан Қадыров Қазақстандағы ауыр дертке шалдыққан қызды құтқарып қалды (фото)

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болды

Жамбыл облысында құран оқылғанда ғана ағатын бұлақ жұртт таң қалдырды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251849-semeyde-anasy-qyzynynh-bitin-zhanuarla.html