RU

АҚШ билігі ферма салу үшін 45 мың жабайы жылқының көзін жоймақшы

АҚШ билігі жайылым жерлерді тазартып, ол жерлерге фермалар салу үшін жайылып жүрген жабайы 45 мың жылқыны өлтіруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлап отыр.

Басылымның мәліметінше, Америка Құрама штаттарының аумағында бар-жоғы 50 мыңдай жабайы жылқы бар. Олардың 45 мыңын өлтірсе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келеді дейді америкалық сарапшылар.

Жылқылардың көзін жою жеке кәсіпкерлердің қолымен жүргізіледі. Бірақ, бұл істің нақты қашан және қандай жолмен жүзеге асатыны айтылмай отыр.

Қазіргі таңда жан-жануарларды қорғау ұйымдары биліктің бұл бастамасына қарсылық білдіріп, наразылықтар ұйымдастыруда. Олар Change.org порталы арқылы петиция жариялады. Оған қол қойғандар саны қазірге дейін 71 мың адамнан асып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Ашық-шашық киінген жұлдыздар әуретті жерін қалай жабады?

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қыз арманын орындаған соң көз жұмды

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Атырауда бес жасар бала бөшкедегі суға батып кетті

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251879-aqsh-biligi-zhayylym-zherlerdi-tazartu-u.html