RU

Атыраулық әйел өзін балағаттап, шашынан сүйреген күйеуін кешіре салды

Атырау облысында медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Атырау облысының Исатай аудандық соты Қылмыстық кодекстің 109-бабына («Ұрып-соғу») сәйкес жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарады.

Мас күйеуі үйіне келіп, әйелін балағаттап, шашынан сүйрей бастаған. Қорланған әйел полициядан көмек сұрайды. Бірақ кейін ерлі-зайыптылар татуласқан.

Сот отырысы барысында әйелі татуласуына байланысты жұбайына қатысты жеке айыптаудан бас тарту туралы өтінішпен жүгінеді. Ол өз өтінішін кәсіби емес медиатормен куәландырылған медиативтік келісіммен растайды.

Өз кезегінде өкініш білдірген күйеуі өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, медиация түрінде жеке айыптаушымен татуласқанын растап, іс бойынша өндірісті тоқтатуды өтінеді.

Исатай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Өйткені, медиация тәртібімен тараптардың татуласуына орай, сот ісі бойынша өндіріс тоқтатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыздар:

Ашық-шашық киінген жұлдыздар әуретті жерін қалай жабады?

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қыз арманын орындаған соң көз жұмды

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Атырауда бес жасар бала бөшкедегі суға батып кетті

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1251923-atyraulyq-ayel-ozin-balaghattap-shashyn.html