RU

Алматыда 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Алматыда 25 жастағы Алена Захарова есімді келіншек жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы туысқандары мен достары Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

«Достар, 13 қыркүйектен бері 1991 жылы туған Алена Захарова Юрьевнаны таба алмай жатырмыз. Шашының түсі қара, бойы 163 см, 13 қыркүйек күні сағат 13: 00 шамасында Сәтбаев және Розыбақиев көшелері маңындағы банкте болған. Көк джинсы шалбар, қара кофта, қызыл жилет, қара кроссовка киген. Өтініш, оны көрген, байқаған адам болса, 8(727)243-05-77, 8(705)913-22-25 немесе 102 » нөмірлеріне телефон соғуды сұраймыз», - жазды жоғалған қыздың сыныптасы Айка Алексеева-Елібаева.

Оның айтуынша, Аленаны үйінде кішкентай қызы күтіп отыр.

«Ол банкке кеткен. Сол жерден соңғы рет 13-30-да телефон соқты. Осыдан кейін, із-түзсіз жоғалды. Біз сол күні АІІБ арыз жаздық. Іздеу шаралары қолға алынды», - деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Ашық-шашық киінген жұлдыздар әуретті жерін қалай жабады?

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қыз арманын орындаған соң көз жұмды

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Атырауда бес жасар бала бөшкедегі суға батып кетті

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252029-almatyda-25-zhastaghy-kelinshek-iz-tussiz-zh.html