RU

Қазақстанда 2021 жылы теңге бағамы нығая түседі деп күтілуде

Қазақстанда 2021 жылы теңге бағамы нығая түседі деп күтілуде. Теңге долларына 340 теңге болмақ. Бұл туралы 2017-2019 жылдардағы бюджет жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«2017-2021 жылға еліміздің экономикалық дамуының болжамы 2015 жылдағы ЖІӨ көрсеткіші есебінде жасалып отыр. Оған сәйкес, 2017-2019 жылдары доллар құны 360 теңге, ал 2021 жылы долларына 340 теңге болады деп күтілуде», - дейді Бишімбаев.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк болжамдарына сәйкес, 2016 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,1%-ды құрайды, ал 2017 жылы орта есеппен 3,4-3,6% болмақ.

«Қазақстан экономикасының дамуына қатысты үш мүмкін сценарий қарастырылған. Олардың біріне сәйкес, мұнай бағасы 2017-2019 жылдары барреліне 35 доллар болмақ, одан әрі 2021 жылы 45 долларға көтерілуі мүмкін», - дейді министр.

Тағы оқыңыздар:

Ашық-шашық киінген жұлдыздар әуретті жерін қалай жабады?

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қыз арманын орындаған соң көз жұмды

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен суып кетуінің себебі неде?

Атырауда бес жасар бала бөшкедегі суға батып кетті

Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"

Қазақстандықтар ажырасу бойынша әлемдегі үздік ондыққа енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252068-qazaqstanda-2021-zhyly-tenhge-baghamy-nyghay.html