RU

Түркиялықтар бортта шу шығарған үш қазақстандықты Ақтау әуежайына түсіріп кетті

Түркиялық ұшқыштар бортта мас күйде шу шығарған үш қазақстандықты Ақтау әуежайына түсіріп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Анталья-Алматы» әуе рейсін орындаған Түркия әуе компаниясы ұшағының ұшқыштары мәжбүрлі түрде Ақтау әуежайына қонып, тәртіп бұзушыларды полицияға тапсырды.

Нақтырақ айтқанда, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.

«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», - делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

«Олар Көліктегі ІІД-ге тапсырылды. Оларға қатысты ұсақ тәртіп бұзу туралы әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомство баспасөз қызметінде.

Аталған ұшақ сол түні 12 қыркүйек сағат 3:22-де сапарын жалғастырды.

Тағы оқыңыздар:

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Небәрі 7 айлық болып туған Жазира Жаппарқұл үлкен спортқа қандай қиындықпен келгенін айтып берді

Екі ұлын зорламақ болған Ақмола облысының тұрғыны 17 жылға сотталып кетті

Алматыда 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атыраулық әйел өзін балағаттап, шашынан сүйреген күйеуін кешіре салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252142-turkiyalyqtar-bortta-shu-shygharghan-ush-qa.html