RU

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың миы жұмыс істемейді

Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында Ақтауда зорланған кішкентай Виканы қолдауға бағытталған акция ұйымдастырылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ерте жастағы неврология бөлімінің меңгерушісі Алтыншаш Жақсыбаеваның айтуынша, Вика қазір үшінші дәрежедегі комада жатыр.

"Науқастың халі өте нашар, функцияларды қалпына келтіру бойынша болжамдар көңіл көншітерлік емес. Өкінішке орай, орын алған жағдайдың салдарынан қыздың миына оттегі жеткілікті мөлшерде жеткізілмеген, соның нәтижесінде бас миы ауыр зардап шегіп, жұмыс істемейді", – дейді дәрігер.

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, олимпиада чемпионы Гюзель Манюрова, тележүргізуші Динара Сатжан, актер Әнуар Нұрпейісов пен әнші Айгүл Иманбаева арнайы жасалған үміт бұрышына жұмсақ ойыншықтар әкеп қойды.

Виканың екі әжесі ауруханада тәулік бойы кезекшілік етеді. Олар қыздың жанында болып, қатты алаңдайды. Вика ауруханаға 27 тамызда өте ауыр халде жеткізілді, қазіргі кезде ол стационарлық ем қабылдап жатыр.

"Ұйымдастыру, материалдық қолдау жағынан бәрі де қарастырылған, бастысы, есіне келіп, сауығып кетсе екен. Бұл өте ауыр жағдай, қоғам педофилиямен бірігіп күресуге тиіс, осындай ауыр қылмыс жасағандар заң бойынша қатаң жазалануы керек", - дейді Ермек Аманшаев.

Олимпиада чемпионы Гюзель Манюрова орын алған оқиғаға байланысты мектептерде өзін-өзі қорғау, сондай-ақ, балаларды осы сияқты жағдайлардан сақтау үшін көшеде өзін-өзі ұстану ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар енгізуді ұсынды.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапқан еді. Қыз бала бірден облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар деген диагноз қойылған.

Кейін, дәрігерлер зорлау фактісін қуаттап, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.

6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Небәрі 7 айлық болып туған Жазира Жаппарқұл үлкен спортқа қандай қиындықпен келгенін айтып берді

Екі ұлын зорламақ болған Ақмола облысының тұрғыны 17 жылға сотталып кетті

Алматыда 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атыраулық әйел өзін балағаттап, шашынан сүйреген күйеуін кешіре салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252302-aqtauda-zorlanghan-alty-zhasar-qyzdynh-m.html